Өзбекстандағы су қоймасының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандағы су қоймасының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

04.05.2020

Көрші ел де қызыл судың салдарын жоюға кіріскен. Қазір қайта қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатыр.

Өзбекстандағы су басқан жерлерде екі бригада жұмыс істеп жатыр. Жүздеген құтқарушы мен мыңнан аса техника жұмылдырылған.

Апат болған күннен бері 22 елді мекеннен 70 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. 56 азамат әртүрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Кеше эвакуацияланған халықтың кейбіреулері үйлеріне оралды. Ал Өзбекстан президенті Сырдария облысында апат болған күннен бері жүр.

Сырдария облысындағы апаттан зардап шеккен елді мекендерге билік 10 миллион доллар бөлді. Тұрғындардың үйлерінен бөлек, бизнестері мен шаруашылықтары да зардап шеккен. Мақта, астық және бақша дақылдары егілген мыңдаған гектар жер судың астында қалды. Кей жолдарды су шәйіп кеткен. Қазір су қоймасының жарылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу