Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні

01.05.2020
Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні

Мереке Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген.

Жыл сайын бұл күні Қазақстанда тұратын ұлттардың этномәдени ұйымдарының қатысуымен мәдени-көпшілік шаралар, концерттік бағдарламалар мен спорттық жарыстар өткізілетін еді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты мерекеге арналған қоғамдық шаралар өткізілмейді.

1 мамырға қатысты қызықты деректер:

- Ежелгі римдіктер үшін 1 мамыр Майя құдайдың құрметіне салтанатты түрде құрбандық шалатын мереке болды. Ежелгі итальян мифологиясы бойынша Майя көктем құдайы, жемістіліктің қамқоршысы. Күнтізбедегі мамыр айы да Майяның құрметіне аталған. Майя Вулкан құдайдың әйелі және Меркурий құдайдың анасы деп саналады;

- Бұл күні әлем елдері Еңбеккерлердің халықаралық ынтымақтастық күнін тойлайды. Еңбек мерекесінің тарихы сонау 1886 жылдан басталады. Сол жылы 1 мамырда Чикаго қаласында жұмысшылар жаппай ереуілге шықты. Олар жұмыс уақытын 12 сағат емес, 8 сағат болуын талап етті. Ереуіл соны қақтығысқа ұласып, көптеген жұмысшы қаза тапқан. Кейін 1889 жылы Париж конференциясында Екінші интернационал басшылары бұл күнді мереке деп танып, жұмысшылардың ереуілге шығып, талап қоятын күні деп бекітті.

- КСРО-да 1917 жылы өткен төңкерістерден кейін, билік басына жұмысшылар табы келіп, 1 мамырды мереке деп бекітті. Ал 10 жылдан кейін 1 мамырға демалыс берілді.

- 1 мамыр мерекесінің тууына АҚШ мұрындық болғанымен, мереке бұл елде осы күні тойланбайды. Жұмысшылардың кәсіби мерекесі қыркүйек айының алғашқы дүйсенбісінде аталып өтеді;

- Испанияда бұл күн барлық гүлдердің мерекесі деп есептеледі;

- Гавай аралдарында бұл күні Ұлттық би күні тойланады.


Хабарламаларға жазылу