Шарын ұлттық паркінде өте сирек кездесетін альбинос қарақұйрық жүр
Ерекше жануарды инспекторлар бақылау камерасына түсіріп алған.
«Қарақұйрық Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Үшінші санаттағы түз тағысы. Ал оның ақ түсті түрі табиғатта жиі кездесе бермейді. Жалпы, альбиностарға табиғи ортада тіршілік ету қиынға соғады, десе де бұл қарақұйрық аман қалар деп үміттенеміз», - дейді Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.
Альбинос – өте сирек кездесетін табиғи құбылыс. Себебі дәл осындай тұқымды аңдардың кездесу ықтималдығы 1/20 мыңға тең.