Ұлттық қор қаржысы 4-5 жылда түгесіліп қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қор қаржысы 4-5 жылда түгесіліп қалуы мүмкін

29.04.2020

Мұнай бағасының арзандауы, бизнеске салықтық жеңілдіктер жасау және түрлі субсидиялар Ұлттық қордың кірісін азайтып жатыр. Қазір түсім 3 есе азайған. Ал бюджетке аударылатын трансферт 2 есеге жуық өскен. Мұндай есепті Үкімет пен Ұлттық банкке сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов келтірді. Бүгінгідей жағдай жалғаса берсе, Ұлттық қордан алынатын ақша көлемі жылына 15 миллиард долларға жетіп, жиғанымыз 4-5 жылда түгесіліп қалуы мүмкін. Сондықтан шығындарды барынша есептеп, қысқартуға тырысу керектігін айтады депутат. Ол мәселені шешудің жолын да ұсынды. Қазір ұлттық банк бекітетін базалық мөлшерлеме теңгенің бағамы мен несиенің пайыздық мөлшерін қалыптастыра алмайды. Сондықтан оны төмендетіп, несиелендіруді жандандыру керектігін айтады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу