Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

28.04.2020
Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен соң Қарағанды облысында карантиндік режимді жеңілдетілді. Теміртауда ерекше жағдай сақталады, карантиндік шаралар санын ішінара төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді.

Металлургтер қаласында қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек құрылыс нысандары, ТҚС, шинамонтаждау, көлік жуу орындарына ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарына келетін болсақ, жеңілдіктер тұрғындарға саяжай учаскелеріне шығуға мүмкіндік береді, қоғамдық көлік жұмысын бастайды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ бірқатар қызмет көрсету нысандарының қызметіне рұқсат береді. 

Мысалы, тұрғындарға келесідей әрекеттерге рұқсат етіледі: 

- санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 05:00-ден 22:00-ге дейін адамдар көп жиналмай, аула маңы аумағында жаяу серуендеуге (қол алысып амандаспау, кемінде екі метр қашықтықты сақтау, міндетті түрде бетперде кию және антисептикті пайдалану); 

- саяжай учаскелеріне бару, 5 адамнан артық болмайды (өз балаларымен, туысқандарымен); 

- Теміртаудан басқа, облыстың барлық аумағында жекемашиналарда рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша жүруге болады. 22:00-ден 05:00-ге дейін жүруге тыйым салынады.

Теміртауда жеңіл автокөлікте таңертең, сағат 05:00-ден 10:00-ге дейін және кешкісағат 17:00-ден 22:00-ге дейін, үйден жұмысқа дейін және кері қарай рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне жүруге болады. 

Қоғамдық көлік қала ішінде таңертең сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және кешке сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 

Келесі ұйымдарға жұмыс істеуге рұқсат етілген: Адвокат кеңселері, нотариустар, ТҚС, шина монтаж шеберханалары, көлік жуу орындары, екінші деңгейлі банктер, ХҚКО.

Ауылшаруашылық техникасын, жабдықтарды көтерме саудамен сату қайта іске қосылды. Сондай-ақ тұқым, көшеттер және басқа да көшет материалдарын сату жөніндегі мамандандырылған дүкендерге және бөлімдерге жұмыс істеуге рұқсат етілген. 

Сауда нүктелеріне тек жеткізу режимінде тұрмыстық техника мен электр жабдықтарын, жануарларға арналған тауарларды, тұрмыстық химияны, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатуға рұқсат етілген. 

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, жұмысты жаңартатын барлық кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қатаң түрде алдын ала жазылумен ғана қызмет көрсетуі тиіс. 

14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салу әлі де қала береді. Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың (5 адамнан астам) жиналуына, саябақтар мен гүлзарлар аумағында серуендеуге тыйым салынады (тыйым салынған қызмет түрлерінің толық тізбесі №16 қаулыда көрсетілген).

«Осы жеңілдіктерге түсіністікпен қарауды сұраймын: қырағылықты жоғалтудың қажеті жоқ: жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қауіпсіздіктің негізгі шарты әлеуметтік қашықтықты, облыстың әрбір тұрғынының жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерде дезинфекциялық режимді сақтау маңызды болып қалатынын есте сақтаңыздар. Карантиндік режимнің орындалуын бақылау шаралары жалғасатын болады», - деді ведомство басшысы. 

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №12, 13, 14, 15 қаулысының күші жойылды.

Хабарламаларға жазылу