Заңсыз тасымал үшін тәркіленген тауарлар мұқтаж жандарға таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз тасымал үшін тәркіленген тауарлар мұқтаж жандарға таратылды

27.04.2020

Тәркіленген тауарлар мұқтаж жандарға таратылды. Тұрмысқа қажетті заттар мен киім кешектер заңсыз тасымалданғандықтан, тәркіленген еді. Бұл істі Алматы қаласындағы экономикалық тергеу департаменті мен қалалық прокуратура бірлесе отырып жүзеге асырды. Игілікті шара #BIZBIRGEMIZ республикалық акциясы аясында жасалды. Мемлекет меншігіне өткен бұл заттарды төтенше жағдай кезінде көмекке зәру отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері пайдаланатын болды.

Абылай ӘДІЛЖАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу