Батыс Қазақстан облысында жүздеген жылқыны барымталаған қылмыстық топ құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жүздеген жылқыны барымталаған қылмыстық топ құрықталды

27.04.2020

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында жүздеген жылқыны барымталаған қылмыстық топ құрықталды. Қазір ағайынды үш жігіт қамауға алынды. Қазір полиция баукеспелердің әрекетінен зардап шеккен облыс тұрғындары анықтап жатыр.

Екі күннен бері Сайқұдық ауылынан маза қашты. Жоқ іздеген жұрттың бәрі осында ағылуда. 300-ге жуық адам келген.

Жылдар бойы барымта қып, жұртты барынан айырған ағайынды үш жігіт екі ай қамауға алынды.

Қазіргі таңда облыс бойынша барымташылардың әрекетінен зиян шеккен тұрғындар анықталуда. Қылмыстық топ қолды қылған қыл құйрықтардың барлығы заңды иелерін табады дейді полиция қызметкерлері. Тек аздап күтуге тура келеді. Өйткені жылқыларды қайтару карантиннен кейін іске асады.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу