Павлодарда ірі зауыт жұмысшылары індетке шалдықты. Ал Семейге бүгін Атыраудан арнайы рейспен 149 адам келеді. Олар Теңіз кенішінде жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары. Оған қоса, қалаға Ресейден 100-ден аса адам арнайы автобуспен жеткізілмек.
Ақмола облысында тағы бір медицина қызметкері қатерлі инфекция жұқтырды. Сондай-ақ, бүгін Көкшетауда COVID-19 індетін анықтайтын алғашқы зертхана жұмыс істей бастады. Бірінші болып полицейлер тестен өтіп жатыр.
Павлодар өңірінде 7 бірдей ірі зауыт жұмысшылары короновирус жұқтырған.
Атырауда вирустың құрығына іліккен 123 адамның 59-ы қауіпті індетті жеңіп шықты.
Ал Алматы облысы Жауғашты ауылындағы Ла-155/4 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйел азаматынан коронавирус анықталды деген күдікпен оқшауланған болатын. Алайда соңғы жасалған екі жедел тесттен коронавирус расталмады.
Ержан ЖАҚЫП