Балконда кәуәп пісірген павлодарлық жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балконда кәуәп пісірген павлодарлық жазаланды

27.04.2020
Балконда кәуәп пісірген павлодарлық жазаланды

Павлодар қаласында балконда кәуап пісірген тұрғын жазаға тартылды.

Тұрғын өз әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Учаскелік полиция инспекторлары ол адамды тез анықтады. 

Ол Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Балконда от жағып, кәуап пісіргені – өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келіп, басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. 

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кебаб ұнататын адамды ҚР ӘҚБтК 410 бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты.

polisia.kz

Хабарламаларға жазылу