Еуропалық Одақ экономиканы қолдауға 540 миллиард еуро бөлмек
Еуропалық Одақ COVID-19-дан зардап шеккен елдердің экономикасын қолдауға 540 миллиард еуро бөлмек. Мұндай шешімді Одаққа мүше елдердің басшылары онлайн саммитте бекітті. Еуропалық экономиканы құтқаруға бағытталған жедел бағдарлама 1 маусымнан бастап күшіне енеді. Яғни 540 миллиард еуроның 100 миллиарды жұмыс берушілерге қызметкерлерін қысқартудан сақтап қалуға бөлінеді. 200 миллиард еуроға Еуропалық инвестициялық банк шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіреді. Қалған қаржы коронавирустан қатты зардап шеккен Италия мен Испанияны дефолттан аман алып қалуға аударылады. Онан бөлек, Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қарт құрлықтың экономикасын қайта қалпына келтіруге бағытталған қор құруға уағдаласты.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06