Президенттік институттың қалыптасқанына 30 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік институттың қалыптасқанына 30 жыл толды

24.04.2020

Қазақ елі үшін бүгін – елеулі дата. Дәл осы күні отыз жыл бұрын Қазақстанда Президенттік институт құрылып, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қалыптасты. Осы тарихи сәтті еске алып, отыз жылда Қазақстанның Президенттік институты қалай дамығанын отандық және шетелдік сарапшылар талқылады. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция әлбетте онлайн режимде өтті. Ал ұйымдастырушы – ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры.

Жаңа онжылдықта төрткүл дүние тығырыққа тап болды. Дәл қазір - мемлекеттіліктің, саяси бағыттың сыналар сәті. Сондықтан онлайн-конференцияда бас қосқан Ресей, Франция, АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан сынды елдердің сарапшылары мен отандық саясаттанушылар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін де сөз етті.

Еліміз президенттік институт құрудың қажет екенін азаттық алмай тұрып-ақ ұғынды. Өйткені Кеңестік жүйе жаһандық экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді шешуге қабілетсіз еді. Әрі қоғамды дамытудың орнына тежей бастады. Ал кейін тәуелсіздік таңы атқан соң Қазақстан бұл институты біртіндеп жетілдіре берді.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу