Президент Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

24.04.2020

Президент Қасымжомрат Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Президент ораза айы әлем мұсылмандары үшін жаңару мен жаңғыру кезеңі екенін атап өтті. Әрі осы айда мұқтаж жандарға қолдау танытып, қазақстандықтарды қайырымды іс жасауға үндеді. «Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін»,-деген құттықтауда.

Хабарламаларға жазылу