Мәліметтер базасының кеш іске қосылғанына полиция кінәлі емес

21.04.2020

Павлодар облсында карантин 13 сәуірде жарияланғанына қарамастан, электронды мәліметтер базасы 20-шы сәуірден бастап іске қосылған. Павлодарлық полицейлердің карантинге жабылған қалаға кірген-шыққан көліктерді мәліметтер базасына қарамай, тілдей қағазға тіркеп, жібере салып жатқаны жайлы кешегі эфирде айтылған болатын. Бүгін полиция департаменті сол мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді. Айтуларынша, бұған полиция кінәлі емес. Мәліметтерді жүктеу әкімшілік құзырында. Ал біз карантин жарияланған күннен бастап блок бекеттерге шыққан жеке құрамды 600 планшетпен қамтамасыз етткендерін айтады департамент өкілі. Қазір жүргіншілер туралы ақпарат базадағы дерекке сәйкес болса ғана азаматтар блок бекеттен өте алады.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу