Елімізде вирус жұқтырғандар саны 1775-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 1775-ке жетті

20.04.2020

Бір тәулік ішінде елімізде тағы 64 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 1775-ке жетіп отыр. 442 адам аурудан жазылып, үйлеріне қайтарылды. Дертті жеңіп шыққандардың қатарында шығыс қазақстандық 82 жастағы екі қария да бар. Өкінішке қарай, 19 адам қайтыс болды. Ал 13 наурыздан бері елімізде 220 мыңнан астам адам вирусқа тексерілген. 103 мың тұрғынның сынамалары зертханада тексерілсе, 120 мыңға жуық адам тест тапсырған.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу