Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар саны 104-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар саны 104-ке жетті

10.04.2020

Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 104-ке жетті. Жағдай ушығып барады. Жергілікті әкімдік вирустың таралуына тосқауыл қою үшін қатаң шаралар қолданып жатыр. Мәселен, Шиелі ауданындағы індет ошағына айналған Шеген Қодаманов ауылынан шығатын жолдар қазылып, елді мекенді полиция қоршауға алды.

Ал бүгін еліміздің Бас санитарының орынбасары Жандарбек Бекшин Сыр өңіріне келді. Аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдап, індетпен күресте Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тәжірибесін қолдану қажеттігін айтты.

COVID-19 инфекциясын жұқтырған жүкті әйелді босандыру дерегі бұған дейін елімізде болмаған. Алайда, жергілікті дәрігерлер мұндай жағдайға да дайын болып, барлығын сәтімен өткізді.

Сондай-ақ, вирус жұқтырған әйелді босандырған 11 медицина қызметкері арнайы сақтық киімдерін кигеніне қарамастан, олардан да сынама алынып, 14 күн бойы үйде болады. Ал аласапыран кезеңде өмірге келген нәрестенің есімі әлі қойылған жоқ. Себебі оның отбасы мүшелері де карантинге оқшауландырылған.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу