Ресейлік киноэкипаж «Союз» кемесімен Жезқазған маңына қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік киноэкипаж «Союз» кемесімен Жезқазған маңына қонды

18.10.2021

Ресей әлемде алғаш болып космоста көркем фильм түсірді. «Вызов» атты картинаны халықаралық ғарыш станциясында түсіргеннен кейін актриса мен режиссер жексенбіде «Союз» кемесімен Жезқазған маңына қонды. Жерге оралысымен киноэкипаж қосымша кадрлар жасауды жалғастырған. Айта кетсек, «Вызов» драмасы ғарышкердің өмірін сақтап қалу үшін көкке самғаған дәрігер қыз жайында болмақ. Бұл топты орбиталық бекетке астронавт Олег Новицкий апарған. Олар ғарыш станциясында 12 күн болып қайтты.


Ресей Союз Жезқазған

Хабарламаларға жазылу