Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионға жетіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионға жетіп қалды

15.04.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионға жетіп қалды. Қауіпке қарамастан, Оңтүстік Корея парламенттік сайлау өткізді.

Ел аумағында 14 мың сайлау учаскесі ашылған. Вирустан келетін қатер әлі де басым болғандықтан, қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды.

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында бір топ адам наразылық акциясына шықты. Олар жұмыс орындарының қайта ашылуын талап етіп жатыр. Себебі елде ауруға шалдыққандар 600 мыңнан асып, Нью-Йорктің өзінде 10 мың науқас көз жұмды.

Үндістанда да халық карантиннің ұзаққа созылуына қарсы. Ал коронавирустың кейбіреулер үшін пайдасы да болды. Мысалы, Түркия түрмеде отырған 90 мың адамға рақымшылық жасады. Бүгін олардың алғашқылары бостандыққа шыға бастады. Аталған шара мамырдың 31-не дейін жалғасады.

Ал Қытайда коронавирусқа қарсы вакцина сынағының екінші кезеңі басталды. Тәжірибеде препараттардың тиімділігі мен қарт адамдарға әсері зерттеледі. Сынаққа 500 ерікті қатысты. Арасында 84 жастағы қария да бар.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу