Халықты жұмыспен қамту үшін жан-жақты шаралар қолға алынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты жұмыспен қамту үшін жан-жақты шаралар қолға алынуда

15.04.2020

Төтенше жағдайдың салдарынан елде жұмыссыздардың саны 3 миллионға жетуі мүмкін деген ақпарат жалған. Бүгін бірқатар агенттіктерде осындай ақпар тарап кетті. Ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл деректі жоққа шығарып отыр. Керсінше, жұртты жұмыспен қамту үшін жан-жақты шараларды қолға алып жатқанын жеткізді.

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асады. Яғни әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар, көлік-инженерлік инфрақұрылым секторларын қамтиды. Сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру жұмыстары да жүйелі жүргізіледі. Сөйтіп 250 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таппақ. Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында тағы 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Бұдан бөлек, қазір министрлік пен әкімдіктер, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында жұмыс орындарын сақтау туралы келісімдер жасалуда. Нәтижесінде, 2,3 миллион адамның жұмыс орны сақталады. Сондықтан елді жұрт дүрлігетіндей жұмыссыздық жайламайды. Бұл әлемдік тенденция және уақытша құбылыс екенін айтады экономист мамандар.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу