Қостанай облысында бір адам короновирустан көз жұмды

15.04.2020

Қостанай облысында бір адам короновирустан көз жұмды. Ер адамның қауіпті індетті жұқтырғаны кеше мәлім болған. Еске салсақ, Жітіқара қаласында 74 және 65 жастағы қарт кісілерден COVID-19 инфекциясы анықталған еді. Сөйтіп аймақтағы науқастар саны 5 адамға жеткен.

Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ал 65 жастағы әйел адамның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр екенін айтады. Сондай-ақ осыдан үш сағат бұрын Жітіқара ауданының аумағында 2020 жылғы 16 сәуірінен бастап карантин енгізілетіні жарияланды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу