Қызылорданың сауда орындарында қияр бағасы екі-үш есеге арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорданың сауда орындарында қияр бағасы екі-үш есеге арзандады

14.04.2020

Қызылорданың сауда орындарында қиярдың бағасы екі-үш есеге арзандап кетті. Дүкенде келісі 900 теңгеден сатылып келген көкөніс қазір 300-350 теңгеге түсті. Бағаның түсуіне Махамбетов ауылында қияр өсіретін жылыжайдың іске қосылуы айрықша септігін тигізіп отыр.

Жабық кешеннің жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Тамшылатып суару әдісінің өзі автоматтандырылған жүйеге қосылған. Ерте көктемде отырғызылған көшеттер бүгінде жемісін бере бастады. Жылыжайдан күніне 4-5 тонна өнім жиналып, қаланың сауда орындарына жіберіліп жатыр. Жалпы жоба жетекшілері жылына мың тоннаға дейін қияр өсіруді межелеп отыр.

Алып жылыжай мамыр айында күніне 10 тоннаға дейін өнім беретін болады. Яғни күннен күнге шарықтаған базар бағамында қиярдың құны түспесе, көтерілмейтіні анық.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу