Шетелге емделуге кеткен отандастарымыз елге қайта алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелге емделуге кеткен отандастарымыз елге қайта алмай отыр

14.04.2020

6 күнге келіп 60 күнге қамалдық. Иранның Горган қаласына емделуге барған 23 қазақстандық елге қайта алмай отыр. Өйткені, төтенше жағдайға байланысты шетелге әуе қатынасы тоқтағаны белгілі. Ал отандастарымыз карантинге дейін яғни ақпан айында жолға шығып кеткен.  

Иранда қазір коронавирус жұқтырғандар саны 70 мыңға жуықтаған. Қауіпті ошақта қалған қазақстандықтардың көбі емделуге, ал кейбірі сауда саттық мақсатында барғанын айтады. Жалпы, елдегі Горган, Бендер Түркімен қаласындағы қазақстандықтар саны 40-тан асады. Олар сақтық үшін коронавирусқа қарсы тестілеу жасатқан. Сыртқы істер министрлігі мәселеден хабардар. Бірінші кезекте жағдайы ауыр азаматтарды тасымалдауға көңіл бөлінетінін айтты.

Дертіне дауа іздеп шет ел асқан отандастарымыз Үндістан Түркия, Беларусия, Корея елдерінде де бар. Оларды да елге әкелу жоспарланған. Алайда иммундық жүйесі өте әлсіз болғандықтан бұл жандарды жеткізуге арнайы борт әзірленіп жатыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу