«Қарттар үйінің тұрғындары коронавирустан қырылып жатыр. Көмек керек». Бельгиядағы қарттар үйінің басшылығы осылай дабыл қағуда. Әсіресе, елдің Валлония аймағында індеттен қайтыс болған әрбір үшінші адам қарттар үйінің тұрғыны. Үкімет вирусты анықтайтын тесттермен, қорғаныш құралдарымен тезірек қамтамасыз етпесе, қариялардан айырыламыз деп отыр мекемедегілер.
Биліктен күдер үзген қарттар үйінің басшылығы қазір әскерилер мен азаматтық қоғам өкілдерінен көмек сұрап жатыр. Себебі, бір айдан бері үзіліссіз жұмыс істеп, денсаулықтары сыр берген мекеме қызметкерлері оқшауланып, карантинге жабылады. Оларды ауыстыратын медицина мамандары, еріктілер ауадай қажет. «Қарияларға ақтық демі таусылғанша қолдан келген көмекті көрсету — басты парызымыз»,- дейді қарттар үйінің өкілдері.
Нұрсұлу ҚАСЫМ