Сәуір айынан бастап ұлттық валюта 13 теңгеге нығайды
Мұнай бағасының өсуі төл валютаға да әсер етіп жатыр. Сәуір айының басынан бері төл ақшамыз 13 теңгеге нығайды. Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауданың қорытындысы бойынша бір доллар 435 теңге 54 тиынға бағаланды. Дегенмен, бұл наурыз айындағы теңгенің әлсіреген тұсын толтыра алмай тұр. Наурыздың 10-ы күні 1 доллар 382 теңге болса, 31-і күні 448 теңгеге бағаланды. Яғни үш аптаның ішінде шамамен 17 пайызға әлсіреді. Бұл кезеңде мұнай бағасы күрт арзандап, барреліне 22 долларға дейін құлдыраған. Ал осы кезеңде нарықтағы тұрақтылықты мейілінше сақтап тұру үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жасауға мәжбүр болған. Наурыз айында ол үшін қазынадан 1,5 миллиард доллар жұмсалды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада ЖИ көмегімен жасалған фильмдер фестивалі өтіп жатыр
03.10.2026, 14:35
🚀 Astana Hub Battle: 14 стартап финалға шықты
03.10.2026, 14:19
AI & Digital Bridge 2026: Астанада eGov 3.0 және мемлекеттік қызметтердің болашағы талқыланды
03.10.2026, 13:56
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28