Полиция қызметкерлеріне вирустан қорғануға арналған киім тігілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкерлеріне вирустан қорғануға арналған киім тігілді

08.04.2020

Полиция қызметкерлеріне коронавирустан қорғануға арналған киім әзірленді. Қорғаныш комбинезоны су өткізбейтін материалдан тігілген. Бұл жұмысқа түрмелердегі тігін цехтары жұмылдырылды. Арнайы киімдерді алғашқы болып блок бекетте қызмет атқаратын елордалық полицейлер алды. Жақын арада қорғаныс комбинезондарымен барлық аймақтық бөлімшелер қамтамасыз етіледі.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу