Қарағанды облысының Сары-Шаған полигонында баллистикалық зымыранға қарсы ракета сынағы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Сары-Шаған полигонында баллистикалық зымыранға қарсы ракета сынағы өтті

04.06.2019

Оны Ресей Әуе-ғарыш күштері жүргізді. Бұл ракета әуеден және ғарыштан соққы беретін құралдардан қорғануға арналған. Ол полигонға арнайы жүк көлігімен жеткізілді. Аса жоғары жылдамдықпен көкке көтерілген ракета шартты нысанаға межеленген уақытта дөп тиген. Сондықтан, Ресей Қорғаныс министрлігі бұл сынақтың сәтті аяқталғанын мәлімдеп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу