Елбасының Үндеу мақаласына қоғам сарапшылар мен депутаттар пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының Үндеу мақаласына қоғам сарапшылар мен депутаттар пікір білдірді

08.04.2020

Нұрсұлтан Назарбаевтың қиындықты еңсеру үшін қажет алғышарттарына қатысты қоғам белсенділері де пікірін білдірді.  

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов Елбасымыздың алыстан ойлайтын дара саясатының жемісін біз тағы да көріп отырғанымызды, ұлттық қордағы 90 млрд АҚШ доллардың болғаны Қазақстан сияқты халқы аз мемлекетке бұл аз ақша емес екенін, ретімен жұмсай білсе, бізге көмекке міндетті түрде керек болатынын айтты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-экономикалық зерттеу бөлімінің жетекші сарапшысы Жасұланбек Майлыбай қазіргі таңда елімізде осы індетпен күресте техникалық, кадрлық, материалдық ресрустар жеткілікті екенін, сондықтан бізге керегі жұдырықтай жұмыла білу екендігін және Елбасы осы мәселелерді жеткізгісі келгенін айтты.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу