АҚШ студенті құлағы естімейтін тұлғалар үшін медициналық маска ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ студенті құлағы естімейтін тұлғалар үшін медициналық маска ойлап тапты

07.04.2020
АҚШ студенті құлағы естімейтін тұлғалар үшін медициналық маска ойлап тапты

АҚШ-тың Версаль қаласының (Кентукки штаты) тұрғыны Эшли Лоуренс құлағы естімейтін жандарға арналған медициналық маска дайындап, тегін таратып жүр. Бұл - коронавирус өршіп тұрған сәтте таптырмас құрал.

21 жастағы бойжеткен бүгінде Шығыс Кентукки университетінің есту қабілеті бұзылғандарға білім беру факультетінде оқиды. Коронавирустың кесірінен үйге келуге мәжбүр болып, волонтерлықпен аналысуға бел буады.

«Қазір коронавирустың тасасында назардан тыс қалып қойған халық көп. Дүрбелеңге түсіп, оны ойлап жатқан ешкім жоқ. Осындай қиын шақта саңырау жандар да тілдесе алуы қажет», - дейді ол. 

Осылайша бойжеткен анасымен бірге ым-ишаратты көрсетуге ыңғайлы медициналық маска дайындайды. Сондай-ақ арнайы есту аппараттарын қолданатын тұлғаларға да бетперде дайындауда.

Қазір оған 6 штат бойынша 2 күнде 10-нан астам тапсырыс келіп түседі. Ол қызметі үшін ешқандай ақы алмайды.

rusnews24h.com

Хабарламаларға жазылу