Коронавирус әлемге қалай әсер етті?

06.04.2020
Коронавирус әлемге қалай әсер етті?

Коронавирус күн сайын мыңдаған кісінің өмірін жалмап, миллиондаған жанды өз үйінде тұтқын етті. Экономиканың дамуын бәсеңдетіп, бизнесті тұра­латты. Бірақ пандемия экологияға оң әсер етті. Адамзаттың күнделікті әре­кеті азайған сайын атмосфера тазарып, су тұнық бола түсті.

Атап айтқанда, Венецияда каналдар тазарып, 60 жылдан соң дельфиндер, аққулар қайтып оралды, Ганг өзені тазара бастады.

Әлем­нің көптеген мемлекеті төтенше жағдай жариялап, ұшақтарды қабылдауды сиретті. Нәтижесінде әуе тасымалы азайды. Сәйкесінше, ұшақтар бөлетін көмір қышқыл газы да кеміген.

Карантин кезінде дүниежүзіндегі ірі қалалардың экологиялық жағдайы біршама жақсарды. Ауаның ластануы күрт төмендеп, азот диоксиді қалдықтарының көрсеткіші азайды. Мұны ғарыштан түсірілген фото­суреттер де дәлелдеуде. 

Бірақ коронавирустың таби­ғатқа кесірі де тиіп жатқанын да айта кеткен жөн. Мәселен, пластик қалдықтар көбейді. Көптеген ел оларды қайта өңдеуден бас тартуда. Себебі вирус плас­тик­терде белгілі уақытқа дейін өмір сүруі мүмкін.

Коронавирус әлемдік экономикаға да айтарлықтай әсер етті: кей тұлғалар миллиардер мәртебесінен айырылды, мұнай бағасы төмендеді, кейбір тұрмыстық тауарлардың саудасы тоқтады (шабадан, той көйлектері, фотокамералар, дрондар, финеске арналған киімдер және т.б);

Ал ажырасу саны, тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді.

Деректер ria.ru, stackline.com және lenta.ru сайттарынан алынды.

Хабарламаларға жазылу