БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбейгенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Ол мемлекеттерді бұған қарсы күресті күшейтуге шақырды.
Оның айтуынша, соңғы апталарда экономикалық және әлеуметтік қысымның жоғарылауынан тұрмыстық зорлық-зомбылық шамадын тыс өршіген. Кей елдерде көмекке жүгінген әйелдер саны екі есе артқан.
«Мен барлық елді әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оларды қорғау әрекеттерін COVID-19-бен күресу жоспарларына қосуға шақырамын. Олар көзге көрінбейтін жаудан үйде - ең қауіпсіз жерде қорғанудың орнына бас сауғалауға мәжбүр», - деді БҰҰ басшысы.
Антониу Гутерриш ол үшін алдымен онлайн қолдау қызметін, сондай-ақ азаматтық қоғам ұйымдарына бөлінетін қаржы көлемін арттыру қажеттігін айтады. Зорлық-зомбылық жасаған тұлғалар жазасыз қалмауы керек.
ria.ru