Д.Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай қымбаттап, доллар арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай қымбаттап, доллар арзандады

03.04.2020

Сауд Арабиясы мен Ресей мұнай өндіруді күніне 10 миллион баррельге дейін азайтуы мүмкін. АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter-де осылай деп жазды. Ол бұған дейін Ресей президенті Путин және Сауд Арабиясы ханзадасымен телефон арқылы сөйлескенін айтқан. Бірақ Кремль Трамптың сөзін жоққа шығарды.

АҚШ Президентінің мәлімдемесінен соң нарықта мұнай бағасы күрт көтеріліп, 36 долларға дейін барды. Қара алтын құнының қымбаттауы ұлттық валютаны нығайтты. Бүгін 1 доллар 444 теңге болды. Бейсенбімен салыстырғанда АҚШ ақшасы 4 теңгеге арзандады. Ал Brent баррелі бүгін 32,8, WTI 26 доллардан саудаланды. Бұл уақытта Сауд Арабиясы тараптарды ОПЕК-тің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Эр-Рияд бұл қадамға әділ келісімге келіп, мұнай нарығындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін барып отыр.

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу