Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 460-қа жетті

03.04.2020

Бір тәулік ішінде елімізде тағы 37 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 460-қа жетіп отыр. 29 адам жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай, 3 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің барлық 17 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында. Одан кейін Алматы қаласы, Қызылорда облысында 26, Қарағанды өңірінде 22 науқас тіркелді. Атырауда 20, Ақмола мен Түркістан облыстарында 19, Солтүстік Қазақстанда 18 адамнан вирус анықталған. Ал Шымкентте 11 адам. Өзге аймақтарда науқастар саны он адамға жетпейді.  

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу