Қызылордада вирус жұқтырғандар саны 26-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада вирус жұқтырғандар саны 26-ға жетті

02.04.2020

Сыр өңірінде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу үшін облыс әкімдігінен 776 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға бірінші кезекте медицина саласына қажетті дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдары сатып алынды. Аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, карантинге жабылған Қызылорда мен Жаңақорған кентінде 8 тосқауыл бекеттері қойылды.  

Айта кетейік, азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдайтын жүк көліктері үшін жасыл дәліз қарастырылған. Яғни, кезек күттірмей тексеруден өткізіп, жылдам жіберіледі.

Облыс әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, 400-100 колл байланыс орталығы жұмыс істеуде. Мамандар тұрғындардың кез келген сауалына жауап беріп, кері байланыс орнатып жатыр. Сондай-ақ карантин режиміне байланысты жергілікті бюджет пен резервтен 776 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда соның 104 миллионына мың жарым литр антисептик, науқастарға арналған 100 төсек орын және медициналық бетперделер алынды. Мұнан бөлек, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жағынан көмек көрсетілетін болады.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу