Қызылорда қаласы карантин режиміне көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласы карантин режиміне көшеді

31.03.2020

Қызылорда облысында бүгін індет жұқтырғандардың саны 5-тен 18-ге бір-ақ жетті. Олардың үшеуі- бала. Сыр өңірі Covid-19 көрсеткіші бойынша аймақтар арасында ең көбі.

Вирус жұқтырғандардың 5-еуі қалада, 13-і Жаңақорған ауданында тіркелді. Мамандардың пайымынша, індеттің таралуын аймақта алғаш вирус жұқтырған адаммен байланыстырып отыр. Яғни, коронавирус науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған ең әуелі медбикеге, оның жақындарына тарап, бір үйден 8 адамнан анықталды.

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап Қызылорда қаласы толықтай карантин режиміне көшеді. Шаһарға келетін барлық автожолдар жабылып, теміржол мен әуежай алдағы 14 күнге дейін жұмысын тоқтатады. Қалаға кіріп-шығатын жолдарға мынадай 5 тосқауыл бекеті қойылады. Базарлар, ойын-сауық орталықтар, балабақшалар мен саябақтар жабылады. Тек, азық-түлік дүкендері, дәріханалар күнделікті жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді. Тұрғындарға бей-берекет жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ Жаңақорған кентіне де карантин режимі енгізу үшін қаулы әзірленуде.

Әділек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу