Блок бекеттер ұшқышсыз ұшу аппараттарымен бақыланады. Бұл шара төтенше жағдайды бақылау үшін қолданылады.
Қарулы Күштердің ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептері әуе барлауын жүргізу, төтенше жағдай режимінің бұзылуын анықтау және оған жол бермеу мақсатында тартылады. Олар азаматтардың блок бекеттерді рұқсатсыз кесіп өтуінің және автокөліктердің карантиндік аймаққа кіруінің алдын алады.
Айта кетейік, 19 наурыздан бастап төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде елімідің бірнеше аумағына кіретін және шығатын жолдарда блок бекеттер орнатылып, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері полиция және Ұлттық Ұлан өкілдерімен бірлесіп тәулік бойы кезекшілік атқарады. ІІМ бөлімшелері блок бекеттерден өтіп жатқан техниканы тексеріп, содан кейін өткізуде.