Ресей, Түркия, Бельгия елдеріндегі қазіргі ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей, Түркия, Бельгия елдеріндегі қазіргі ахуал

30.03.2020

Елді дүрбелеңге салып, дүниені дүр сілкіндірген коронавирусты жұқтырғандар көбейіп жатыр. Сондықтан Түркия барлық халықаралық және қаларалық рейстерді тоқтатты. Бірнеше шағын қалада карантин жарияланды. Ал Ресей астанасы Мәскеуде бүгіннен бастап себепсіз үйден шығуға тиым салынды. Жақын күндері карантин жариялануы мүмкін. Бельгияда да COVID-19 жұқтырушылардың саны күннен күнге көбейіп барады. Осыған алаңдаған билік карантинды сәуірдің 19-на дейін созды.

Бельгияда да барлық Еуропа елдеріндегідей індет күннен-күнге өршіп барады. Қазір елде коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңға жетіп қалды. 513 адам пандемияның құрбаны болды. Бастапқыда сәуірдің 3-не дейін жарияланған карантинді үкімет енді 19-сәуірге дейін ұзартты. Егер, жағдай ушығатын болса, онда мамырға дейін созбақ. 

 Түркияда да жағдай күннен күнге өршіп барады. Бүгінге дейін вирусты жеті мыңнан аса адам жұқтырып, қайтыс болғандар саны 108-ге жетті. Ел үкіметі вируспен күресте қатаң шараларды қолға алды. Бүгінге дейін 70-тен астам адам жазылып, ауруханадан шығарылған. 

Ресейдің 20 өңірінде коронавирус анықталды. 28 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалыс аптасы деп жарияланды. Ресей әуежайларына транзиттік рейстер арқылыкеліп, қалып қалған 400 -ден астам қазақстандық елге қайтарылды.    

Нұрсұлу ҚАСЫМ, Айдос ӘШІМ, Индира БЕГАЙДАР 


Хабарламаларға жазылу