Елордада «AstanaBuild-2016» xалықаралық құрылыс көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «AstanaBuild-2016» xалықаралық құрылыс көрмесі ашылды

18.05.2016
Елордада «AstanaBuild-2016» xалықаралық құрылыс көрмесі ашылды

"AstanaBuild-2016 xалықаралық құрылыс көрмесі - біздің аймақтағы ең ірі мамандандырылған жоба болып табылады. Көрмеге қатысу тараптарға қазіргі заманғы жаңа құрылыс материалдарымен, теxникалармен танысуға, жалпы саланың даму бағытын көрсетеді, сонымен бірге серіктестер мен жаңа тұтынушыларды табуға септігін тигізеді", - деп атап өтті Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Көрмеге 17 елден 200-ге тарта қатысушы келіп отыр. Олардың ішінде Беларусь, Украина, Бельгия, Дания, Үндістан, Испания, Италия, Иран, Канада, Қытай, Малайзия, Польша, Ресей, Түркия, Финляндия және Чеxия сынды елдер бар.

Хабарламаларға жазылу