Еліміздің тағы бірнеше аймағында карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің тағы бірнеше аймағында карантин жарияланды

30.03.2020

Күн өткен сайын өршіп бара жатқан індеттің кесірінен, Атырау мен Қарағандыда да карантин енгізілді. Енді қос шаһарда барыс-келіс тыйылады. Теміржол мен әуе қатынасы тоқтатылды. Бүгіннен бастап бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Ал ертеңнен бастап Ақмола облысында да карантин енгізілмек

Қарағандыда да жағдай мәз емес. Індеттің алдын алу үшін, кенді шаһардың өзіне және оған қарасты Абай, Саран, Шахтинск, Теміртау қаласына карантин енгізілді. Балабақшалар жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, жұмыс уақытын екі сағатқа қысқарту ұсынылды. Ал, жүздеген адам үй карантинінде.

 Ақмола облысының аумағында да карантин енгізілмек. 31 наурыз сағат 19-00-ден бастап өңірге тек транзиттік көліктер және азық-түлік, дәрі-дәрмек, өндірістік тауарлар тиелген жүк көліктері ғана кіргізіледі. Тұрғындардың қатынауына тыйым салынбақ. Көкшетау да оқшауланады. Қаланың сыртында 12 блокпост қойылады. Ал Ақмола облысының шекарасындағы жолдарға 8 бекет орнатылмақ.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу