Вирусты жұқтырмаудың бірден-бір амалы - үйде отыру

26.03.2020

Дәрігерлер осылай дабыл қағып жатыр. Елімізде төтенше жағдай қабылданғанмен, кейбіреулер оның салмағын жете түсінбейтін секілді. Себебі, көшеде балаларын ертіп, қыдырып жүрген ата-аналар, шағын той жасаушылар азаймай отыр. "Бұл әрекеттердің салдары неге әкеліп соғатынын сезінсін", - дейді мамандар. Ол үшін қазіргі енгізілген талаптарды бұлжытпай орындап, шаруаларын кейінге шегеріп, тек үйде отырсын деген кеңес береді. Сонда ғана жағдайды ушықтырмаймыз.

Хабарламаларға жазылу