Ақтөбеде бүгін бірінші рет вирус жұқтырған науқас тіркелді
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған бір адам анықталды. Онымен бір ұшақта келгендердің барлығы карантинге жабылды. Індет жұқтырған науқас Испаниядан Мәскеу арқылы оралған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, жағдайы бірқалыпты. Науқаспен бірге бортта болған 57 науқас қазір тексеріліп жатыр. Жолаушылардың арасында ақтөбеліктерден бөлек Қызылорда, Орал, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының тұрғындары болған. Науқастан вирус анықталғанға дейін өз өңірлеріне кетіп қалған оларды жолдан түсіріп алып, карантинге жапқан. Қазір Ақтөбеде 68 адам обсервацияда, 38 адам үй карантинінде. Соңғы тәулікте облыс орталығы карантинге жабылады деген қауесет тарап кеткен еді. Облыс басшылығы оны жоққа шығарды.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09