Ширек ғасырдан артық ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған реформалары, қабылдаған шешімдері мен ұсынған бастамалары ұшан теңіз. Ал оның ең басты жобасы әрі маңызды шешімдерінің бірі —ел астанасын Арқаға көшіру. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл идеясы қалай жүзеге асқанын бір шолып өтейік.
Азаттықтың алғашқы жылдары Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, төрткүл дүниені таң қалдырса, астананы Арқаға көшіру туралы шешіммен тағы тамсандырды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ойына күмәнмен қарағандар сыртта ғана емес, іште де аз болмады.
Жаңа мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер бой көтерді. Сондай-ақ білім мен инновацияның, мәдениет пен өнердің ордасына айналды. Халық санымен қоса қаланың экономикасы өсті. Мәселен, былтыр экономика саласындағы шағын және орта бизнестің үлесі бойынша бас қала көш бастады. Кәсіпкерлер субъектілерінің саны 125 мыңға жетті. Елорданың мұндай жетістіктерге жететініне кезінде Елбасы кәміл сенген еді. Кеңейіп, көркейген бас қаланың жаңа атауға ие болғанына да бір жыл болып қалды. Ол Елорданың дамуына еңбегін сіңірген елбасыға көрсетілген құрмет.
Альбина ӘШІМ