«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» республикалық ақындар айтысы - Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» республикалық ақындар айтысы - Ұлттық арнада

20.03.2020
«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» республикалық ақындар айтысы - Ұлттық арнада

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» республикалық ақындар айтысының телевизиялық нұсқасы эфирге шығады. 

Ұлы ақынның мерейтойына арналған сөз аламанын «Qazaqstan» Ұлттық арнасы Наурыз мерекесі қарсаңында үш күн бойы көрсетуді жоспарлап отыр. 21, 22 наурызда айтыстың алғашқы екі айналымы, 23 наурызда финалдық кезеңі ұсынылады. 

Дүбірлі сөз додасына Тілеген Әділов, Еркебұлан Қайназар, Дидар Қамиев, Әсем Ережеқызы, Шалқарбай Ізбасар, Серік Қуанғанұлы, Нұрзат Қару, Ершат Қайболдин, Болатбек Оразбаев, Мейірбек Сұлтанхан, Рауан Қайдаров, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Қалижан Білдәшов, Нұрлан Есенқұлов, Марат Ахметов сынды елімізге танымал 16 ақын қатысып, бақ сынады. 

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» айтысы ақын мерейтойына арналған республика көлеміндегі алғашқы жыр додасы. 

Көрермен сөз аламанын Ұлттық арна эфирінен 21 наурыз 15:35-те, 22 наурыз 15:00-де, 23 наурыз 13:30-да тамашалай алады.


Хабарламаларға жазылу