Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтеді

05.02.2020
Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтеді

8 ақпанда елордада Абайдың 175 жылдығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы хабарлады.

Жыр додасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізіледі. 

Сөз аламанына Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев, Әсем Ереже, Болатбек Оразбаев, Тілеген Әділов, Қалижан Білдәшев, Нұрлан Есенқұлов, Шалқарбай Ізбасаров, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Серік Қуанған, Нұрзат Қару сынды ақындар қатысады.

Хабарламаларға жазылу