Италияда вирустан қаза болғандар саны Қытайдан асып кетті

20.03.2020

Италияда вирустан қаза болғандар саны Қытайдан асып кетті. Елде жұқпалы дерттен 3405 адам көз жұмды. Қауіпті инфекцияны Монако ханзадасы Альбер ІІ-де жұқтырған. Дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты екенін айтты.  Ал АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтар үшін салық төлеу мерзімін 3 айға дейін ұзартты. Сонымен қатар, вирустың жылдам таралуына байланысты оған қарсы вакцинаны тезірек шығаруға тапсырма берді.  


Хабарламаларға жазылу