Талдықорғанда залалсыздандыру жұмыстары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда залалсыздандыру жұмыстары күшейді

19.03.2020

Талдықорған қаласында коронавирустың алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары күшейді. Халық көп жүретін жерлер, ойын алаңдары, саябақтар мен скверлер сондай-ақ аялдамалар арнайы қоспамен өңделіп, дезинфекцияланып жатыр. Облыс орталығының тазалығына жауапты кәсіпорын арнайы техниклармен қамтамасыз етілген. Залалсыздандырғыш қоспалар да жеткілікті көлемде. Әмбебап көліктер бір мезетте көшелерді жуып-шайып, жол жиегін, орындықтарды өңдеуге мүмкіндік береді. Дезинфекциялау жұмыстары еліміздегі жарияланған төтенше жағдай алынғанша жалғасатын болады.   

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу