Алматы облысының әкімі каранатин кезінде халықты үйлерінде қалуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының әкімі каранатин кезінде халықты үйлерінде қалуға шақырды

19.03.2020

Алматы облысының бірнеше ауданы карантинге жабылған Алматы қаласымен шектеседі. Күн сайын мегаполиске 200-250 мың автокөлік 500 мыңдай адам кіріп шығады. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты аймақ әкімі Амандық Баталов облыс тұрғындарына үндеу жариялап халықты түсіністікпен қарауға шақырды. Өңірдің азық-түлік қоры жеткілікті. Ірі супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері штаттық режимде істеп тұр. Тұрақтандыру қорына облыс бюджетінен қаржы бөлу мәселесі қарастырлып жатыр. Үлкен қалаға барып-келіп жұмыс істейтін азаматтарға сабырлық сақтап үйде қалу қажеттігін түсіндірді .

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу