Коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі 30 бен 49 жас аралығындағы азаматтар

19.03.2020

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін дәрігерлер аурухана аумағынан шықпайды. Олардың тынығып, тамақтануына ғимараттың бір бөлімшесінде жағдай жасалған. Мұны Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты. Ол індетке іліккен 18 азаматтың жағдайын медицина қызметкерлері жіті қадағалап отырғанын да жеткізді. Сондай-ақ қауіпті дертке шалдыққандардың басым көпшілігі 30 бен 49 жас аралығындағы азаматтар екенін айтты. 

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 467 елорда тұрғыны анықталып, 428-і табылды. Олардың бір бөлігі ауруханаға жатқызылса, қалғаны үй карантиніне жабылды. Ал 38 адам іздестіріліп жатыр. 1 адам шетелге кетіп қалған.


Хабарламаларға жазылу