Үндістанда өтетін Бүкіләлемдік кәсіпкерлер конференциясына елімізден 4 кәсіпкер қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда өтетін Бүкіләлемдік кәсіпкерлер конференциясына елімізден 4 кәсіпкер қатысады

20.11.2017

Шара қарашаның 28-30-ы аралығында Хайдарабад қаласында өтеді. Үндістан мен АҚШ бірлесе ұйымдастыратын саммит бизнесте әйелдерге қолдау көрсету мәселелеріне арналған. Сол себепті, оның тақырыбы  - «Алдымен әйелдер. Даму барлығы үшін» деп аталады. Бұл туралы АҚШ елшілігі өкілдерінің қатысуымен өткен тренинг барысында айтылды. Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың сөзінше, Үндістанда өтетін алқалы жиынға қатысуға елімізге басымдық беріліп отыр. Бұған қоса, елшіліктің қолдауымен Астанада екі күн қатарынан Бүкіләлемдік әйелдер кәсіпкерлігі күні де аталып өтті. Ал, Отырар кітапханасындағы Америка бұрышында әйелдерге арналған кәсіпкерлік бойынша үш айлық курс өтеді.

Джордж Крол, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі:

- Америка бұрышында қолға алынған бұл бағдарлама әйелдердің бизнестегі қабілет, мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Кәсіпкер қыз-келіншектердің ел экономикасын гүлдендіруге қосар үлесі мол. Үндістанда өтетін конференцияға Қазақстаннан 4 кәсіпкер барады. Бұл қуантарлық жағдай. Әрі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әріптестіктің артып жатқанының бір көрінісі.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу