Төртінші деңгейлі бюджет ауыл аймақты көркейтуге жете ме?

16.11.2017

Бүгін Мәжіліс депутаттары осы мәселені талқыға салды. Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу көзделген. Яғни, еліміздегі 2,5 мың ауылдық, кенттік әкімдіктің өз бюджеті болады. Қазір өңірлерде бүған дайындық қызу жүріп жатыр, өйткені, ауылдардағы өзекті мәселелерді енді әкімдер ауданға алақан жаймай-ақ өздері шешеді. Осы орайда депутаттар ауылдарда есепке алынбаған мүліктерді заңдастырудың маңыздылығын атап көрсетті.  

Марат Бопазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2000-нан астам адам тұратын ауылды мекендерде өз бюджеттері болады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу