Қазақстандық әйел Мажарстанда коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әйел Мажарстанда коронавирус жұқтырды

17.03.2020
Қазақстандық әйел Мажарстанда коронавирус жұқтырды

Мажарстанның Будапешт қаласында Қазақстанның бір азаматы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде. 

Аталған жағдай қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында.

Хабарламаларға жазылу