Жаңа ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты халыққа жасаған үндеуін жариялады. Президент жаһанды жайлаған жұқпалы дертті, осы қиындықты өткеру үшін бірігуге, жауапкершілікті атқаруға шақырды. Сондықтан алда келе жатқан мереке күндеріне қарамастан, жалпы ұлттың денсаулығы үшін сақтық шаралары күшейтілгінін жеткізді.
Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың жаппай таралуына жол берілмес үшін алдын-ала шаралары жасалып, мемлекеттік шекараларда санитарлық режим күшейтілгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев аурухуналарда орын жеткілікті, сақтық шараларына тиісті қаражат бөлінгенін айтып, халықты сабырға шақырды. Сондай-ақ президент қазақстандықтарды осындай кезеңде отбасылық шараларды уақытша өткізбеуге үндеді.
Альбина Әшім